Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып жиып ал,
Тепкілесең кетпейді
деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай біздің Көктөбе орта мектебінде 16-17 тамыз күндері аудан мұғалімдерінің пәндер бойынша секциялық отырысы болады. Осы отырыста мұғалімдер өз пәндері бойынша баяндамалар оқып, талқылап, жаңа оқу жылына жаңашылдық енгізуді жоспарлайды.
Ал өз тарапымнан информатика пәні бойынша жетекшімізге жоспардан тыс баяндама енгізуді ұсындым. Бұл баяндамамның тақырыбы "Блок құру". Ауданның барлық мұғалімдері блок құруды үйреніп, қазақ тілін дамыта берсе екен деп ойлаймын. Егер де оқушыларымыздың блоктары болса, фотоға түсіруді, шығарма жазуды, бір сөзбен айтқанда шығармашылық , ізденімпаздық қабілеттері дамыр еді.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Пікірлеріңізді күтемін!
суббота, 11 августа 2007 г.
Подписаться на:
Комментарии к сообщению (Atom)
4 комментария:
-.-
Сәлем! Менің тарапымнан көмек керек болса, айтыңыз! Қажет болса, мектеп мұғалімдеріне барып, блог туралы тренинг өткізейін. Тек комп. класс керек. Менде дайын материалдар бар. Слайд шоу т.б. Мүмкін болса, жеке поштама хат жазыңыз: urimtal@gmail.com
Қолдаймын, қазақ балаларын мектеп жасынан интернетпен таныстырып отырғандарыңыз жөн!!!
Тегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар http://free.ucoz.kz/
Отправить комментарий