суббота, 11 августа 2007 г.

Жаңалықтар

Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып жиып ал,
Тепкілесең кетпейді
деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай біздің Көктөбе орта мектебінде 16-17 тамыз күндері аудан мұғалімдерінің пәндер бойынша секциялық отырысы болады. Осы отырыста мұғалімдер өз пәндері бойынша баяндамалар оқып, талқылап, жаңа оқу жылына жаңашылдық енгізуді жоспарлайды.
Ал өз тарапымнан информатика пәні бойынша жетекшімізге жоспардан тыс баяндама енгізуді ұсындым. Бұл баяндамамның тақырыбы "Блок құру". Ауданның барлық мұғалімдері блок құруды үйреніп, қазақ тілін дамыта берсе екен деп ойлаймын. Егер де оқушыларымыздың блоктары болса, фотоға түсіруді, шығарма жазуды, бір сөзбен айтқанда шығармашылық , ізденімпаздық қабілеттері дамыр еді.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Пікірлеріңізді күтемін!

Халық тағлымы

Ешқашан айтар сөзді бос айтпа,
Кісіге саусағыңды шошайтпа.


Мәңгі сақта есте,
Көптің жолын кеспе.

среда, 8 августа 2007 г.

Кел, ойлайық!

жүз төрт түйме
Он бір ине.

суббота, 4 августа 2007 г.

Кел, ойлайық

Мына жұмбақтарды оқып, жауап беріп көріңдер:

Темір тілді,
Күміс үнді.

Ойнақтаса қолында,
Із қалмайды жолында.

Кәмпит

Гүлнардың апасы қаладан келді.
Қаладан келген апасы Гүлнарға сырты әдемі қорапты ұсынды.
Гүлнар кәмпитті бірінен соң бірін аузына тыға берді.

Бұны байқаған апасы:

-Қызым ау тәттіні көп жеуге болмайды. Ертеңге де қалдырсаңшы,- деді жымиып.

-Апа, өзіңіз "Бүгін бастаған істі ертеңге қалдырма" деп жиі айтушы едіңіз ғой!

Алғы сөз

Бұл блогта сіздер мектеп өміріндегі қызықты оқиғалармен таныс боласыздар.